Депутаттар тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға бір күндік

627
Депутаттар тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға бір күндік

Германдық автоөндірушілер BMW, Daimler AG және американдық Google Inc. интернет-компаниясы әлемдегі ең беделді компаниялар тізімінің көшбасшылары атанды. 60 мыңға жуық тұтынушыға сауалнама жүргізген Reputation Institute зерттеу орталығы осындай нәтиже шығарды. Рейтинг орталықтың сайтында жарияланған.

Тізімнің алғашқы үштігінде BMW, Google және Daimler орналасқан. Ал бестікті сағат өндіруші Rolex және ойыншық өндіруші LEGO Group компаниялары қорытындылайды.

Адамдар барлығынан да жақсы сенім артатын компаниялардың қатарында Walt Disney Co. киностудиясы, электроника өндірушілері Canon, Apple, Sony және  Intel бар.

Ал жүздіктің төменгі жағын GlaxoSmithKline және Bristol-Myers Squibb фармацевтикалық компаниялары және сыра өндіруші Anheurser-Busch  иеленді. Ресейлік кәсіпорындар топ-100 қатарында көрсетілмеген.

2014 жарияланған рейтингтегі алғашқы бестікте Google, Walt Disney Company, BMW, Rolex және Sony орналасқан еді. Ойыншықтар өндіруші LEGO 9-орынға ие болған.

Reputation Institute — жекеменшік америкалық зерттеу және консультациялық ұйым. Институтта 15 елдің өкілдері жұмыс істейді. Олардың қатарында Ұлыбритания, Германия, Франция және Ресей бар. Зерттеу кезінде ұйымға деген сенім, құрмет және инновацияшылдық деген факторлар есепке алынады.