Boeing осы аптада жаңа 777X ұшағын сынақтан өткізеді

104
777X
Фото: super-orujie.ru

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz — Boeing компаниясы осы аптада жаңа 777X лайнерінің алғашқы ұшу сынағын жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігін хабарлады.

Boeing клиенттерінің біріне жақын агенттіктің сұхбаттасушысының сөзінше, ұшу бейсенбі немесе жұма күні Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласы маңындағы компания базасында өтеді.

Сонымен қатар, тағы бір дереккөз сынақ күнін нақты көрсетпеген, алайда осы аптада өтетінін мәлімдеген.

Айта кету керек, Boeing аталған ақпарат бойынша әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.

2019 жылдың наурыз айында әлемдегі ең ұзын жолаушылар ұшағы Boeing 777X кеңфюзеляжды лайнерінің алғашқы тұсаукесері туралы хабарланған болатын. Телекомпанияның ақпараты бойынша, жаңа модель екі қозғалтқышы бар әлемдегі ең ірі жолаушылар әуе кемесі болуы тиіс.

Алайда, өткен жылдың шілде айында Boeing қозғалтқышты әзірлеудегі проблемаларға байланысты 777X лайнерінің алғашқы ұшуын 2020 жылдың басына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бастапқыда ол 2019 жылдың күзіне жоспарланған, ал тапсырыс берушілерге алғашқы жеткізілімдер 2020 жылға жоспарланған болатын.

Еске сала кетейік, «Boeing-737 MAX лайнерінің бір жылға жуық уақыт бойы тоқтап тұруына байланысты кем дегенде 10 миллиард доллар жоғалтқан Boeing несие туралы келіссөздер жүргізіп жатыр» деген хабар тарады.