Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz - Boeing корпорациясы ағымдағы жылдың жеті айында тапсырыс берушілерге өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда ұшақтарды 38,1%-ға кем жеткізді.
2019 жылдың 7 айында компания 258 ұшақты, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 417 ұшақты жеткізді. Негізгі төмендеу Boeing 737 MAX ұшақтарында болды. Өткен жылдың жеті айында тапсырыс берушілерге 298 ұшақ, ал ағымдағы жылы барлығы 115 ұшақ жеткізілді.
Шілде айының ортасында америкалық Boeing Co. концернінің 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза шығыны 793 млн долларды құрағаны белгілі болды. Ал бір жыл бұрын компания 4,673 млрд доллар таза пайда алған.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





