Бота Жұманова: Ұрлық үшін соққыға жықты деп ойламаймын

Белгілі журналист Бота Жұманова өзіне жасалған шабуылды кәсіби қызметімен тығыз байланысты деп есептейді, — деп хабарлайды kapital.kz.

 «Бұл бір нұсқа, бірақ басқа не себеп бар екенін білмеймін. Ұрлық үшін соққыға жықты деп санамаймын. Бірақ тергеу жұмыстарының не шешетінін күтейік. Қазір, менің білуім бойынша, күдіктіні 2 ай мерзімге қамау туралы санкция бар. Осы уақыт аралығында барлығы белгілі болады деп ойлаймын»,-деді Б.Жұманова.

Сондай-ақ, ол БАҚ өкілдері мен құқық қорғау ұйымдарының белсендігіне алғысын білдірді.

«Мен шабуыл жасаған адамды табады деп күткен жоқпын. Бұл тергеу істерінің қарқынды жүріп жатқанын көрсетеді»- деді ол.

Сонымен қатар, күдіктіге қандай да бір талаптарды, моральды не материалды шығын талап етпейтін де айтты.

«Ол жұмыссыз әрі жас. Мен одан не талап ете аламын?»,- деді Б.Жұманова.

Еске салайық, танымал журналист Бота Жұманованы 8 қазан күні соққыға жыққан болатын. Күдікті Алматы облысы, Жаркент қаласының тумасы болды.

Фото: kapital.kz сайтынан алынды.