Экономика
Бота Жұманова: Ұрлық үшін соққыға жықты деп ойламаймын
Белгілі журналист Бота Жұманова өзіне жасалған шабуылды кәсіби қызметімен тығыз байланысты деп есептейді, - деп хабарлайды
kapital.kz.
"Бұл бір нұсқа, бірақ басқа не себеп бар екенін білмеймін. Ұрлық үшін соққыға жықты деп санамаймын. Бірақ тергеу жұмыстарының не шешетінін күтейік. Қазір, менің білуім бойынша, күдіктіні 2 ай мерзімге қамау туралы санкция бар. Осы уақыт аралығында барлығы белгілі болады деп ойлаймын",-деді Б.Жұманова.
Сондай-ақ, ол БАҚ өкілдері мен құқық қорғау ұйымдарының белсендігіне алғысын білдірді.
"Мен шабуыл жасаған адамды табады деп күткен жоқпын. Бұл тергеу істерінің қарқынды жүріп жатқанын көрсетеді"- деді ол.
Сонымен қатар, күдіктіге қандай да бір талаптарды, моральды не материалды шығын талап етпейтін де айтты.
"Ол жұмыссыз әрі жас. Мен одан не талап ете аламын?",- деді Б.Жұманова.
Еске салайық, танымал журналист Бота Жұманованы 8 қазан күні соққыға жыққан болатын. Күдікті Алматы облысы, Жаркент қаласының тумасы болды.
Фото: kapital.kz сайтынан алынды.