Бозымбаев: Біздің бензин Ресейдікінен кем түспейді

Ресейдікінен
Фото: ZTB.kz

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан бензині сапа жағынан Ресейдікінен кем түспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазір еуро-5 стандартының бензинін шығара бастадық. Біздің бензин басқалардан кем емес. Жақсы жанармай бекетінен бензин құйғысы келген адам үшін, біздің бензиннің сапасы жақсы», — деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, министр егер қоспа араласпаса, Қазақстан бензині Ресейдікінен кем түспейтінін айтты.

«Жанармай құю бекетінде бензиннің сапасын біз анықтамаймыз, бірақ жаңғыртудан кейінгі біздің зауыттардың шығарып отырған бензині өте сапалы», — деп мәлім етті министр.