
Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан бензині сапа жағынан Ресейдікінен кем түспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз қазір еуро-5 стандартының бензинін шығара бастадық. Біздің бензин басқалардан кем емес. Жақсы жанармай бекетінен бензин құйғысы келген адам үшін, біздің бензиннің сапасы жақсы», - деді Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ, министр егер қоспа араласпаса, Қазақстан бензині Ресейдікінен кем түспейтінін айтты.
«Жанармай құю бекетінде бензиннің сапасын біз анықтамаймыз, бірақ жаңғыртудан кейінгі біздің зауыттардың шығарып отырған бензині өте сапалы», - деп мәлім етті министр.