БҚО-да калий тұзын барлау кейінге қалдырылды

51
калий
Фото: udobreniy.ru

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz — Батыс Қазақстан облысында Шұғыл учаскесінде калий тұзын барлау кейінге қалдырылды. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, келісім-шартқа 2016 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Орал» ӘКК арасында қол қойылған.

«Жобаны «шұғыл» компаниясы «ККК» қатысуымен жүзеге асырады. Жалпы құны – 7,3 млрд теңге», – деді басқармада.

Ведомствоның хабарлауынша, жоба 2022 жылға дейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, С2 санаты бойынша болжамды қорлар 160 млн тонна калий тұзын, ал Р2 санаты бойынша болжамды ресурстар көлемі – 1 млн тонна борат тұзын және 150 млн тонна калий тұзын құрайды.

«Сонымен қатар, С1 шартты санаты бойынша 204 млн тонна калий тұздары мен 400 мың тонна борат тұздары қоры анықталады. Калий бағасының төмендеуіне байланысты барлау жұмыстарын жүргізу кейінге қалдырылды», – деп түйіндеді басқармада.