Бразилиядағы мемлекеттік мұнай компаниясы 7 млрд доллар шығынға ұшырады

Бразилиядағы мемлекеттік мұнай компаниясы 7 млрд доллар шығынғ

Бразилиялық мемлекеттік Petrobras мұнай компаниясы өткен жылы 7 млрд доллар шығын келгенін мәлімдеді деп хабарлайды ВВС. Шығынға батуына активтердің құнсыздануы мен коррупциялық жүйелердің қолданылуы себеп болған.

Үлкен жемқорлық дауынан арашалануы үшін мұнай концерні 2 млрд доллар жоғалтқан. Бразилья прокуратурасының мәлімдеуінше, Petrobras келісім-шарттары үшін пара беретін коррупциялық жүйе бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан деп жазады newsru.com.

2004-2012 жылдары  компания атынан қол қойылған келісім-шарттар үшін жалпы құннан 3% алынып отырған. Кейін бұл қаржы саясаткерлерді сатып алу үшін жұмсалады. Конгресстің бұрынғы және қазіргі 48 мүшесіне қарсы тергеу наурыз айынан бері жалғасып жатыр. Құрылыс компаниясының 23 топ-менеджеріне және Petrobras-тың 4 бұрынғы топ-менеджеріне жемқорлық жасады деген айып тағылып отыр. Үкіметтегі басқарушы Еңбекқорлар партиясының қазынашысы Жоау Ваккари қамауға алынды.

Жемқорлық қаражаты Бразилия президенті Дилма Русеффтің 2010 жылғы сайлау кампаниясына жұмсалды.Бұл туралы Petrobras-қа мұнай мұнараларын жеткізетін Sete Brasil лизингті компаниясының бұрынғы басшысы Педру Баруску мәлімдеді. Ол 100 млн доллар көлемінде пара алып, 44,6 млн долларын қайтарып берді.

Ел президенті Дилма Руссефф Petrobras-тың директорлар кеңесін 2003-2010 жылдар аралығында басқарды. Ол және оның партиясы жемқорлыққа қатысы бар екендігін жоққа шығарып отыр. Руссефф 40 Petrobras басшылығы мен саясаткерге қарсы тергеу жүргізетін тізімге кірген жоқ.