Бразилиялық мемлекеттік Petrobras мұнай компаниясы өткен жылы 7 млрд доллар шығын келгенін мәлімдеді деп хабарлайды ВВС. Шығынға батуына активтердің құнсыздануы мен коррупциялық жүйелердің қолданылуы себеп болған.
Үлкен жемқорлық дауынан арашалануы үшін мұнай концерні 2 млрд доллар жоғалтқан. Бразилья прокуратурасының мәлімдеуінше, Petrobras келісім-шарттары үшін пара беретін коррупциялық жүйе бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан деп жазады newsru.com.
2004-2012 жылдары компания атынан қол қойылған келісім-шарттар үшін жалпы құннан 3% алынып отырған. Кейін бұл қаржы саясаткерлерді сатып алу үшін жұмсалады. Конгресстің бұрынғы және қазіргі 48 мүшесіне қарсы тергеу наурыз айынан бері жалғасып жатыр. Құрылыс компаниясының 23 топ-менеджеріне және Petrobras-тың 4 бұрынғы топ-менеджеріне жемқорлық жасады деген айып тағылып отыр. Үкіметтегі басқарушы Еңбекқорлар партиясының қазынашысы Жоау Ваккари қамауға алынды.
Жемқорлық қаражаты Бразилия президенті Дилма Русеффтің 2010 жылғы сайлау кампаниясына жұмсалды.Бұл туралы Petrobras-қа мұнай мұнараларын жеткізетін Sete Brasil лизингті компаниясының бұрынғы басшысы Педру Баруску мәлімдеді. Ол 100 млн доллар көлемінде пара алып, 44,6 млн долларын қайтарып берді.
Ел президенті Дилма Руссефф Petrobras-тың директорлар кеңесін 2003-2010 жылдар аралығында басқарды. Ол және оның партиясы жемқорлыққа қатысы бар екендігін жоққа шығарып отыр. Руссефф 40 Petrobras басшылығы мен саясаткерге қарсы тергеу жүргізетін тізімге кірген жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024