Brent сұрыпты мұнай бағасы төмендеді

brent сұрыпты
Фото: jo24.net

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қыркүйектегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:10-дағы бағасы  $0,36 (0,48%) төмендеп, барреліне $74,61 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,29 (0,41%) төмен түсіп, барреліне $69,84 құрады.