ҰБТ-2015: Сандар сөйлесін

774
Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды...........................

8 маусым күні Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. ҰБТ-дағы ең маңызды деген мәліметтерді Білім және ғылым министрлігінің Білім беру саласын бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жанна Жонтаева және ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қуат Әбдиев жария етті. 

  • Жалпы мектеп бітіргендер саны — 124 346 түлек. Оның 87 782-сі ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Бұл барлық бітірушілердің 71 пайызын құрайды.
  • Өтініш бергендердің шамамен 5000-ы белгісіз себептермен тестілеуге келмеген. Десе де, ол түлектер де орта білім алу туралы куәлік ала алады. Бірақ, ЖОО-на тапсыра алмайды. Қалауы бойынша, олар кешенді тестіле тапсыра алады. Бірақ, осы жылы емес, келесі жылы.
  • Осы жылдың тағы бір ерекшелігі — 12 жылдық білім беретін мектеп оқушылары тест тапсырды. Олардың орта ұпайлары 82,4 болды.
  • Ескере ететін тағы бір маңызды дерек — 2004 жылдан бері орыс және қазақ мектептерінің орташа баллдары шамамен теңесті: сәйкесінше 80,3 балл және 79,2 балл.
  • ҰБТ-ның орташа баллы 2015 жылы 79,5 болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артық.
  • Бірақ, межелі 50 баллды 15 368 түлек жинай алмады. Бұл барлық тест тапсырушылардың 18,6 пайызы. Немесе, әрбір бесінші түлек десе де болады.
  • 100 баллдан жоғары алғандар саны — 14 420. Ал, максимал балл 125-ті Астана, Алматы, Тараз, БҚО және ОҚО түлектері жинады.
  • 51 370 заң бұзушылық тіркелді. 48 түлек аудиториядан шығарылды. Бірақ, ешқандай заң бұзушылық болмаған бір аудан ғана бар — Қызылорда облысының Жалағаш ауданы.
  • Есте қалатын жәйт — қыз болып киінген ер жігіт. Саят Нүсіповтың айтуынша, түрік ЖОО-дарының бірінен тестілеуге қатыса алмаған қыз үшін грант бөлінген.
  • Республикалық апелляциялық комиссияға осы жылы 347 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, 131 өтініш расталған. БҒМ-нің айтуынша, комиссияға келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігі Қазақстан тарихы, математика және ағылшын тілі пәндерінен болған.
  • Биылғы ҰБТ-ның өзгерісі — тестілеу нәтижесін Ұлттық тестілек орталығының сайтынан онлайн қарац енгізілгені. ҰБТ кезінде сайтқа 310 000 қаралым тіркелген.

БҒМ алдағы уақытта тестілеуге тағы да өзгерістер енентіндігін айтқан. Одан бөлек, жуырда былтыр ҰБТ тапсыра алмағандар немесе колледжен соң ЖОО-ға тапсырғалы жүргендерге кешенді тестілеу басталады.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы өткізілген ҰБТ туралы 7kun.kz шолу әзірлеген болатын.