БТА банкі Әблязовтың бұрынғы серіктесімен жасасқан бейбіт келісімнен кейін $38,3 млн алатын болды

банкі
Фото: ccn.com

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz – БТА банк пен Алматы әкімдігі Мұхтар Әбілязов, Ілияс және Виктор Храпунов, сондай-ақ Triadou SPV S.A. қарсы сот процессі барысында іске қатысушы Джозеф Четритпен бейбітшілік келісім жасасты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл мәміле Нью-Йорктың Оңтүстік аудандық сотында жасалған. Келісім шеңберінде Четрит банкке келесі активтерге меншік құқығын берді:

  • Алдын-ала бағалаулар бойынша жалпы құны 13,16 млн долларды құрайтын екі жылжымайтын мүлік объектісі.
  • мүліктің бағаланған құнына тең ақшалай төлем — 1,6 млн доллар.
  • судьяның тапсырмасы бойынша депозиттік шотта сақтаулы тұрған 23,5 млн доллар. Қаражат сот процесі аяқталғаннан кейін босатылады.

«БТА банкі мүлікті меншікке тіркеу процесін ресми түрде аяқтау үшін Нью-Йорк штатының тиісті мемлекеттік органдарына барлық қажетті құжаттарды ұсынды. Құжаттар алынған сәтте қаржы институты ықтимал сатып алушылармен маңызды жұмысқа кіріседі», — деп түсіндірді банк.

Айта кетейік, Джозеф Четрит Әблязовтың экс-серіктесі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!