БТА банкі Казкомға 2,4 трлн қарызын қайтарды

БТА
Фото: finance.nur.kz

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — БТА банкі Қазкоммерцбанкінен алған 2,4 трлн теңге  қарызын қайтарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, банк алдындағы 64,8 млрд теңге көлеміндегі қалған қарызы қалыптасқан провизия есебінен шығарылды.

«БТА» банкіне берілген қарыз Казком үшін ірі мәміле болып саналады.

Ұлттық банк келісімді тиімді іске асыру үшін күрделі активтерді сатып алу арқылы қаржылай қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Еске салсақ, БТА банкінің қарызын өтеуі Ұлттық банк пен Казком арасындағы акцияның 96,81 пайызын сатып алу мәмілесіндегі шарттардың бірі ретінде  іске асты.