БТА Әбіләзовтың экстрадициясын қолдайды

БТА Әбіләзовтың экстрадициясын қолдайды........

БТА Банк Францияның сотының Мұхтар Әбіләзовты Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау туралы шешімін қолдайды. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі хабарлады.

Мұхтар Әбіләзовты экстрадициялау ол БТА Банктың директорлар кеңесін басқарып тұрған кезінде заңсыз қалтасына басқан миллиардтаған АҚШ долларын құрайтын активтерді қайтаруда банк ісіне көмегі тиер еді дейді БТА өкілдері.

Бұған дейін банк Әбіләзовқа қарсы Англияның Жоғарғы сотында қарастырылған істе Әбіләзовтан 4 млрд АҚШ долларынан астам қаржы өндіріп алу туралы шешімге қол жеткізген болатын.