Бүгін Kaspi брендіне 11 жыл толды

383

Бүгін ең инновациялық өнімдер ұсынып жүрген қазақстандық жетекші компанияның бірі — Kaspi брендіне 11 жыл толды. Осыған орай компания басшысы Михаил Ломтадзе әлеуметтік желідегі ресми парақшасында клиенттеріне үндеу жолдады. 7kun.kz толық мәтінін жариялайды.

Біздің сүйікті Клиенттеріміз, бүгін Kaspi брендіне 11 жыл толып отыр. Біздің ең басты жетістігіміз – бұл Сіздер!

6 миллионнан астам қазақстандық Kaspi өнімдері мен сервистерін күн сайын пайдаланып жүр.

Туған күніміздің құрметіне және арнайы Сіздер үшін бүгін дәстүрлі түрде бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма басталды.

Бұл жолы Kaspi Жұма үш күн бойы – 15, 16, 17 қарашада өткізіледі және бұрынғыдан да ауқымды бола түсті. Мерекеге еліміздің қалаларындағы 2000 астам дүкен қосылды. Енді тек Kaspi.kz қосымшасында ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның қалаларындағы танымал дүкендерде Kaspi QR-мен зат сатып алуға болады. Мерекенің жаңа қатысушыларының қатарында Intertop, Mon Amie, Flo, MANGO, Kimex, Nike, Pandora сияқты және көптеген басқа белгілі брендтер бар. Kaspi Жұмада барлығыңыздың тиімді сауда жасауыңызға тілектеспіз!

Біздің миссиямыз – сүйікті Клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау. Біз барлық сервистерімізді қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған бірегей әрі ең танымал Kaspi.kz мобильді қосымшасына біріктірдік. Әрқайсысыңыз комиссиясыз төлей аласыз, тиімді зат сатып алып, ақша аудара аласыз, несиелер алып, депозитте ақша жинай аласыз. Сондай-ақ төлем жасағаныңыз үшін және Kaspi.kz-пен зат сатып алғаныңыз үшін бонус ала аласыз.

Kaspi командасының атынан Сіздердің әрқайсысыңызға бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтқым келеді! Ойыңыздан шығып қана қоймай, одан асып түсуге уәде береміз. Сіздерді өмірлеріңізді жақсартатын және Қазақстанды әлемдік инновация картасына енгізетін бірегей инновациялық сервистермен әрдайым қуантып отырамыз!