Бүгін Тоқаевтың туған күні: Президент жайлы қызықты деректер

Қасым-Жомарт Тоқаевты
Фото: Vlast.kz

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz –  17 мамырда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. О 69 жасқа толды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Президенттің отбасында туған күнді тойлау әдетке айналмаған, сондықтан ол бұл датаны тойламайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Оның әкесі – белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986), ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әке туралы толғаныс» атты кітабында өз есімінің шығу тарихы туралы жазған. Оны майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған екен.

«Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты», — дейді Президент.

Тоқаев Парламент сенатының төрағасынан бастап Премьер-министрге дейінгі жоғары мемлекеттік қызмет ғана емес, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары сияқты халықаралық мәртебелі лауазымдары да қызмет еткен. КСРО уақытанда жас дипломат Қытайдағы елшілікте жұмыс істеген. Сол кезде оған «мемлекеттік құпияны сақтай алады» деген мінездеме берілген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Тоқаев ажырасқан, Тимур есімді ұлы бар.

Президент салауатты өмір салтын ұстанады. Мектеп кезінде үстел теннисінен КСРО-ның спорт шеберіне кандидат атанған. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше тілді меңгерген. Ондаған кітаптың авторы.