Бухгалтерлер мен заңгерлер айына 280 мың теңге алады

84
Фото: exspertrieltor.ru

Алматы. 6 тамыз. 7kun.kz – Құқық және бухгалтерлік есеп саласында жұмыс істейтін қазақстандықтардың 1 жарты жылдықтағы орташа жалақысы 283,2 мың теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ке өскен, деп energyprom.kz.

Инфляцияның есепке алғанда осы сектордағы еңбекақыны сатып алу қабілетін 0,7%-ға өсті.

ҚР бойынша еңбекақы орташа 157,1 мың теңгегі құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 8,3%-ке көп.

Биыл І жартыжылдық қорытындысы бойынша ресми көрсетілген заңнамалық және бухгалтерлік қызмет көлемі 23,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 59,9%-ке көп. Оның 18,1 млрд теңгесі Алматыдағы қаржы орталығында, ал 3,2 млрд теңгесі Астанадағы қаржы орталығына келіп түсті.

Өткен жылы ресми мәліметтер бойынша, құқық және бухгалтерлік есеп саласында 79,2 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Алайда бақыланбайтын секторда көрсетілген қызмет көлемі 91,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 17,6%-ке көп.

Статистика комитетінің мәліметтеріне көрсетілген қызметтердің физикалық көлемі 95,6%-ті құрады.