Бұрынғы алты отандасымыз ресейлік Forbes-200 рейтингіне кірді

38
алты
Фото: youtube.com

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның алты тумасы РФ-ның Forbes-і дайындаған «Ресейдің 200 ең бай бизнесмені» рейтингіне кірді. Олардың жағдайы 8,950 млрд долларға бағаланды, деп хабарлайды Central Asia Monitor.

Атап айтқанда, «Сафмар» тобының негізгі иесі, Целиноград (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген Михаил Гуцериевтің жағдайы 2019 жылы 3,7 млрд долларды құраған. Бизнесмен 1980 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген.

Алматының тумасы Василий Анисимов 1,6 миллиард долларға ие, ол Coalco International компаниясының иесі және Ресейдегі тпайдалы қазбаларды өндіру секторына инвестиция салады. Оны уран, көмір және мұнай қызықтырады. Василий Анисимов 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының дипломын алды.

Сонымен қатар, рейтингте Атыраудың тумасы Аркадий Волож бар. Оның жағдайы 1,4 млрд долларға бағаланады, ол — Yandex N. V.
бас директоры.

«Фармстандарта» Директорлар кеңесінің төрағасы Виктор Харитониннің жағдайы 1,2 млрд долларды құрайды. Ол– Петропавл қаласының тумасы.

Рейтингке кірген тағы бір Алматының тумасы, жеке инвестор Андрей Добров 550 млн долларға иелік етеді.

Сондай-ақ, ең бай бизнесмендер атанған бұрынға отандастарымыздың қатарында Михаил Гуцериевтің ағасы Саит — Салам да бар. Целиноград қаласының тумасы «Русснефти» Директорлар кеңесінің мүшесі, жағдайы — 500 млн доллар.