Былғанған дөңгелекке жаппай айыппұл салынды

435

Астанада бір аптада мыңнан аса жүргізушіге жолды былғағаны үшін айыппұл салынды. Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, дөңгелектері былғанған 1181 жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынған.

Айыппұлдың бұл түрі жоғары жылдамдыққа салынатын айыппұл санынан да асып жығылыпты. Салыстыра кетсек, жоғары жылдамдыққа салынған айыппұл саны бір аптада 866 адам, зиянды қалдықтармен ауаны ластауға салынатын айыппұл саны 900 адамды құраған.