БЖЗҚ-ға үш айда 200 млрд теңге зейнетақы жарнасы түсті

221
зейнетақы
Фото: 7kun.kz

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында БЖЗҚ-ға түскен зейнетақы жарналары 200 млрд теңгені құрады. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы таза табысы 7,9 млрд теңгені көрсетіп, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,6 есеге өсті.

Табыстың артуына кіріс операцияларының бірден 74,5 пайызға (5,5 млрд теңге) өсіп, 7,4 млрд теңгеден 12,9 млрд теңгеге ұлғаюы әсер етті. Сонымен қатар, біркелкі шығындардың бар-жоғы 7,8 пайызға көбейіп (357,2 млн теңге), 4,6 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін өсуі себеп болған.

2013-2016 жылдардар аралығында ең жоғарғы түсім көрсеткіш 2015 жылы тіркелген. 2015 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ-ға 761,4 млрд теңге түскен. 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы түсімдер былтырғы көрсеткіштен салыстырғанда 15,8 пайызға көбейіп, 275,2 млрд теңгені құрады. Түсімдердің 199,9 млрд теңгесі зейнетақы жарналарынан, 75,8 млрд теңге инвестициялық кірістерден, төлемақы және айыппұлдар арқылы 19,7 млн теңге қаржы келген.

2018 жылдың наурызында зейнетақы қорланымы өткен жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өсіп, 8 трлн теңгеге жетті.