БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 9,38 трлн теңге болды

активтерінің
Фото: vesti.md

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Өткен жылдың қорытындылары бойынша Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 2018 жылдың басынан бастап 20,6%-ға  немесе 1,60 трлн теңгеге ұлғайып, 9,38 трлн теңге болды, — деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2018 жылы БЖЗҚ-тың зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде нарықтық талаптармен жалпы сомасы 1,46 трлн теңгеге инвестицияланды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  шетел валютасындағы активтердің үлесі салымшылардың барлық зейнетақы жинақтарының 32,8%-ын құрады.

2018 жылдың қорытындылары бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен жоғары (5,3%) болып қалыптасты және 11,27% болды. Осылайша, БЖЗҚ салымшыларына олардың 5,97% мөлшердегі зейнетақы жинақтарына нақты кірістілік қамтамасыз етілді.