
Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Өткен жылдың қорытындылары бойынша Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 2018 жылдың басынан бастап 20,6%-ға немесе 1,60 трлн теңгеге ұлғайып, 9,38 трлн теңге болды, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
2018 жылы БЖЗҚ-тың зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде нарықтық талаптармен жалпы сомасы 1,46 трлн теңгеге инвестицияланды.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетел валютасындағы активтердің үлесі салымшылардың барлық зейнетақы жинақтарының 32,8%-ын құрады.
2018 жылдың қорытындылары бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен жоғары (5,3%) болып қалыптасты және 11,27% болды. Осылайша, БЖЗҚ салымшыларына олардың 5,97% мөлшердегі зейнетақы жинақтарына нақты кірістілік қамтамасыз етілді.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025