Цеснабанк 500 млрд теңгеге облигациялар шығаруды жоспарлап отыр

59
500 млрд
Фото: informburo.kz

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Ұлттық банк Цеснабанктің 500 млрд теңге болатын облигациялық бағдарламасын тіркеді.

Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта реттеуші шығаруды 2 қазанда мақұлдағаны айтылған. Бұл — банк қағаздарын шығарудың бесінші бағдарламасы.

Бұған дейін LS S&P Global Ratings агенттігі Цеснабанктің ұзақ және қысқамерзімді несие рейтингтерін «В/В» деңгейінде деп бекіткенін хабарлаған болатын. Болжам «жағымсыз» болып отыр.