Цеснабанк акционерлері банк капиталына 40 миллиард теңге құяды

87

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Цеснабанк  акционерлері банк капиталын 40 млрд. теңге мөлшерінде толықтырады.  Бұл туралы бүгін банктегі соңғы өзгерістер туралы ақпарат таратқан банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша қаржы институты тұрақты режимде жұмыс істейді және реттеушінің (Ұлттық банк-ред.) талаптарын орындайды. Сондай-ақ төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелер толық көлемде жүзеге асады.

Айта кетейік, банк кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады.  Мысалы: Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді сауықтыруға бағытталған «Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде Банк 2013 жылдан бастап 219 миллиард теңгеден асатын сомадағы жобаларды қаржыландырған.

Банк алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының қарыз ауыртпалығын төмендету және олардың қаржылық тұрақтылықтарын жақсарту мақсатында «ҚазАрго» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-пен бірлесіп «Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде кредиттерді өтеу мерзімдерін көбейту мәселелерін қарастыруда. Бұл бағытта «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-пен өзара қарым-қатынас мәселесін де қарастырмақ.

Осыған орай және қаржы нарығындағы банктің позициясын нығайту мақсатында, жақын арада банк акционерлері меншікті қаражаттарының есебінен банк капиталын 40 млрд. теңге мөлшерінде толықмақ. Бұл өз кезегінде, банктің меншікті жарғылық капиталының 50% құрайды.