Цеснабанк қор биржасына 70,2 млрд теңгеден астам қаржы тартуды жоспарлап отыр

жоспарлап
Фото: kursiv.kz

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – «Цеснабанк» 70,2 млрд теңге сомасындағы акциясын KASE-ге орналастыруды жоспарлап отыр.

«Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен, банктің 39,4 млн қарапайым акциясы KASE-ге орналастырылмақ.

Бір қарапайым акцияны орналастыру бағасы – 1782 теңге. Осылайша, мәміленің жалпы сомасы 70,2 млрд теңгені құрайды.

Банк акционерлеріне құнды қағаздарды басым құқығын пайдалана отырып, сатып алу ұсынылады.

Орналастырылған жай акциялардың (банк сатып алған акцияларды есепке алмағанда) орналастырылатын акциялар санына қатынасы –  0,4810744811.

Банктің директорлар кеңесі бұл шешімді 2019 жылғы 4 ақпанда пруденциалдық нормативтерді орындау мақсатында қабылдаған-ды.

Банк жариялаған қарапайым акциялар саны – 698,5 млн, әзірше олардың 77,5 млн-ы орналастырылған. Ал жарияланған артықшылықты акциялардың саны 2,5 млн және олардың барлығы да орналасқан.

Өткен апта соңында S&P Global Ratings «Цеснабанктың» ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін B-/B-ден SD-ға (selective default -таңдамалы дефолт) дейін және банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін шығарылған бондтардың қайта құрылымдалуына байланысты kzBB- тен SD-ға дейін төмендеткен болатын.

Өз кезегінде «Цеснабанк» бұл рейтинг нәтижелерімен келіспейтіндігін білдіріп, бұдан әрі осы агенттікпен жұмыс істеуді жалғастыратынына күмән келтірді.