Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – «Цеснабанк» туралы жалған ақпарат таратқан 3 адам анықталды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
«Көп жағдайда азаматтар бір-біріне тексерілмеген ақпараттарды жіберіп жатады. Ал мұның соңында үлкен қоғамдық дүрбелең туғызатыны да бар. Мәселен, Астана қаласының ішкі істер департаменті екінші деңгейлі банктердің бірінде алдағы уақытта дефолт болады деген жалған ақпаратты WhatsApp арқылы тарату фактісін тергеуде. Қазіргі уақытта оны таратуға қатысы бар Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы облысының үш тұрғыны анықталған. Олар ақпараттың сенімділігіне көз жеткізбестен және банк саласының маманы еместігіне қарамастан WhatsApp арқылы түрлі топтарға хабарлама жіберген», - деді ресми өкіл.
Айта кетейік, біраз уақыт бұрын «Цеснабанк» АҚ қаржылық ахуалы нашарлағандығы туралы жалған ақпарат тараған болатын.
2018 жылдың басынан бері ішкі істер органдары қасақана жалған ақпарат таратудың 46 фактісін тіркеген. Мұндай құқық бұзушылық үшін оның ауырлығына байланысты айыппұл салудан бастап 5 жылға бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024