Цеснабанктің басқарма төрағасы ауысты

басқарма
Фото: filmi-onlain.info

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Бекжан Пірматов «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін «First Heartland Bank» (FHB) АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Пірматов банк секторында 2004 жылдан бері еңбек етеді. Ол өз мансабын корпоративтік қарым-қатынастар басқармасында жетекші менеджер ретінде бастады.

FHB-ға келгенге дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінде жетекші банкир болды. Онда өнеркәсіп, коммерция, агробизнес және табиғи ресурстар салаларындағы ірі корпоративтік клиенттердің жұмысына жауап берді.