Coca-Cola компаниясына 3,3 млрд доллар көлемінде салық төлемеді деген айып тағылды

482

АҚШ Федералды салық ведомствосы Coca-Cola компаниясын 3,3 млрд доллар көлемінде салық төлемеді деп айыптап отыр.

BBC-дің хабарлауынша, бұл жерде 2007 жыл мен 2009 жыл аралығындағы кезең айтылып отыр.

Компания айыптарды жоққа шығарып, соттан әділдік іздемек. Кока-Коланың ресми мәлімдемесінде мәселені шешу үшін заңмен бекітілген «әкімшілік және құқықтық құралдарды» пайдаланамыз делінген.

Сондай-ақ, компанияның айтуынша, ведомство әлі айыппұл салу туралы ұсыныс жібермеген.