Экономика
Coca-Cola компаниясына 3,3 млрд доллар көлемінде салық төлемеді деген айып тағылды
АҚШ Федералды салық ведомствосы Coca-Cola компаниясын 3,3 млрд доллар көлемінде салық төлемеді деп айыптап отыр.
BBC-дің хабарлауынша, бұл жерде 2007 жыл мен 2009 жыл аралығындағы кезең айтылып отыр.
Компания айыптарды жоққа шығарып, соттан әділдік іздемек. Кока-Коланың ресми мәлімдемесінде мәселені шешу үшін заңмен бекітілген "әкімшілік және құқықтық құралдарды" пайдаланамыз делінген.
Сондай-ақ, компанияның айтуынша, ведомство әлі айыппұл салу туралы ұсыныс жібермеген.