Д. Ақышев: ҚР банк жүйесінде депозиттердің жылыстауы байқалмайды

Фото: newskaz.ru

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz — ҚР банк жүйесінен депозиттердің жылыстауы («қашуы») байқалады деп айтуға негіз жоқ. Мұндай мәлімдемені  ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев жасады.

Ұлттық Банктің ресми деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың басынан бері халықтың теңгемен салымдары 461,6 млрд теңгеге (2016 жылғы ақпан — сәуір аралығында – 483,1 млрд теңге) ұлғайды. Халықтың шетел валютасымен салымдары 588 млрд теңгеге қысқарды. Алайда, Д. Ақышевтың сөзінше, бұл цифрда бағамдық өзгеріс ескеріледі.

«Жыл басынан бері байқалып отырған бағамның нығаюы шетел валютасымен салымдар қалдығының теңгелік баламасын төмендетеді және олардың әкетілуін өсіреді», — деп нақтылады Ұлттық Банктің басшысы телевизиялық БАҚ үшін өткен брифинг барысында.

Ол бағамдық өзгерістерді ескермей жылдың басынан бері халықтың шетел валютасындағы салымдары 404,7 млрд теңгеге, 2016 жылғы ақпан – сәуір аралығында – 367 млрд теңгеге төмендеген.