Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы блокчейнге көшеді

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы блокчейнге көшеді

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz — Иорданиядағы сириялық босқындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ақша аударымдарында блокчейн технологиясын қолдану арқылы банктің комиссиясынан айына 150 000 доллар үнемдеуге болады, деп хабарлады Bloomberg.

Халықаралық шенеуніктер ақша операциялары кезінде блокчейн технологиясын қолдану арқылы банктің комиссиясынан құтылуды қалайды. Сондықтан Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы (әлемдегі 80 елдегі 100 млн адамды азық түлікпен қамтамасыз етіп отырған БҰҰ бөлімшесі) жеке блокчейн төлем жүйесін кеңейтеді.

Жетекші Роберт Оппаның сөзінше, банктік аударымдардан бас тартып, Ethereum платформасымен жұмыс жасау миллиондаған долларды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы блокчейнді 2016 жылы алғаш рет қолдана бастаған. Қазіргі уақытта Иорданиядағы 100 000 сириялық босқындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде жүйені тестілеуден өткізіп жатыр.

Тек қана осы жол, банктік комиссиядан бас тартқанда ғана айына 150 000 доллар үнемдеу мүмкін болады. Себебі банктік алым шығарылымының 98 пайызы халықаралық аударымдармен байланысты.

БҰҰ азық-түлік бағдарламалары мен цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерге жыл сайын 1,4 млрд доллар жұмсайды. Ал, осы ақшаға өзінің жеке қаржылық инфраструктурасын  құрса, онда бұл Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы үшін тиімді болады.

Көптеген адамдар сенімсіз және қысқа мерзімді  деп санайтын криптовалютадан блокчейннің айырмашылығы, барлық салаларда танымал болып келеді. Бұл комиссиясыз ақша аударуға, сату бойынша операцияларды тіркеуге және сайлаудағы дауыстарды санауға да мүмкіндік береді.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы