Daily Mail миллиардер Машкевичтің қымбат яхтасы туралы мақала жариялады

656

Daily Mail жақында қазақстандық миллиардер Александр Машкеевичке тиеселі, құны 150 миллион фунт тұратын яхта туралы мақала жариялады. Басылымның жазуынша көлемі жағынан әлемде 51 орынды алатын мегаяхта осы жазда ғана қолданысқа беріліп, шілде айында Голландиядан Ұлыбританияға бірінші рейсін жасаған.

машкевич_яхта5

Миллиардердің әйелі Лариса Машкевичтің құрметіне Леди Лара деп аталған яхтаны Ларсен Яхтс (Lürssen Yachts) компаниясы құрастырған. Балкондары бар VIP-аппартаменттер мен жасанды жағажай, жаттығу залы, джакузи, бассейн, тікұшақ алаңы бар кемеде өмір сүруге барлық жағдай жасалған.

машкевич_яхта

машкевич_яхта4

Daily Mail-дің жазуынша бұл Лариса Машкеевичтің есімін иеленген екінші яхта. Бірінші Lady Lara-ның құны $35 млн.

Еске салайық, 58 жастағы миллиардердің капиталы  $3,7 млрд құрайды. Оның меншігіндегі  Eurasian Natural Resouroes Corporation  компаниясы Қазақстан, Қытай, Ресей, Бразилия, Африканың Конго, Замбия, Мозамбик, ОАР-дағы тау-кен орындарына иелік етеді.

Машкеевичтің әйелі Лариса Машкеевич- композитор и музыкант. Олардың Алла және Анна есімді екі қызы бар.