«Даму» бизнесті несиелендіру мөлшерлемесін 8,5%-ға дейін төмендетеді

602

«Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры биыл бизнесті несиелендіру мөлшерлемесін 8,5%-ға дейін төмендетеді. Бұл туралы қазақстандық өндірушілер форумында қордың басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин мәлімдеді. 

«Егер өткен жылғы орташа мөлшерлеме 14% болса, енді «Даму» қорының табысын төмендетуге жұмыс істейміз. Біз пайда үшін жұмыс істемейміз, сондықтан осы жылы еліміздің барлық өңіріне 24 млрд теңге көлемінде кредиттік ресурс берілді. Соңғы 5-7 жыл көлеміндегі мөлшерлеме 8,5% болады», -деді ол.

Сондай-ақ, Тулеушиннің атап өтуінше, бизнестен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту туралы өтініш түскендіктен Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің тәжірибесі есепке алынды.

«Біз ЕҚДБ-нің тәжірибесін дамытып, банктің кредиттік мамандарын үйреттік. Қазір 20-30 млн теңге аралығындағы шағын кредитті қарастыру уақыты 3 күннен 7 күнге дейінгі уақытта алады. 50 жобаға рұқсат берілді, бірде-бір дефолт болған жоқ. Енді бұл технологияны еліміздің барлық өңіріндегі барлық банкке енгізуіміз керек», -деді ол.