Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Даму" бизнесті несиелендіру мөлшерлемесін 8,5%-ға дейін төмендетеді

"Даму" бизнесті несиелендіру мөлшерлемесін 8,5%-ға дейін төмендетеді

"Даму"  кәсіпкерлікті дамыту қоры биыл бизнесті несиелендіру мөлшерлемесін 8,5%-ға дейін төмендетеді. Бұл туралы қазақстандық өндірушілер форумында қордың басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин мәлімдеді. 

"Егер өткен жылғы орташа мөлшерлеме 14% болса, енді "Даму" қорының табысын төмендетуге жұмыс істейміз. Біз пайда үшін жұмыс істемейміз, сондықтан осы жылы еліміздің барлық өңіріне 24 млрд теңге көлемінде кредиттік ресурс берілді. Соңғы 5-7 жыл көлеміндегі мөлшерлеме 8,5% болады", -деді ол.
Сондай-ақ, Тулеушиннің атап өтуінше, бизнестен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту туралы өтініш түскендіктен Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің тәжірибесі есепке алынды. "Біз ЕҚДБ-нің тәжірибесін дамытып, банктің кредиттік мамандарын үйреттік. Қазір 20-30 млн теңге аралығындағы шағын кредитті қарастыру уақыты 3 күннен 7 күнге дейінгі уақытта алады. 50 жобаға рұқсат берілді, бірде-бір дефолт болған жоқ. Енді бұл технологияны еліміздің барлық өңіріндегі барлық банкке енгізуіміз керек", -деді ол.

Похожие материалы