Данияр Ақышев: Кредиттеу нарығындағы ахуал қалыпқа келді

69
Данияр Ақышев
Фото: caravan.kz

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – Жыл басынан бері банктердің кредиттері тамыздың соңында 2,5%-ға 13 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

«Осы жылдың 8 айында жаңа кредиттер беру 28,1%-ға немесе 1,9 трлн теңгеге өсті. Кәсіпорындарға теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы тамыздағы 12,2%-ға дейін төмендеді», — деді Данияр Ақышев.

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы кредиттеу нарығы қалпына келуде екендігін айтты.

«Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 11,6%-ға немесе 1,3 трлн теңгеге бағаланады», — деді Ұлттық банк төрағасы.