Данияр Ақышев: банктер бірігуі мүмкін

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның банк секторында бірігулер болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Мен банк нарығында бірігулер туралы тезис болуы тиіс деп ойлаймын, оның орны болу керек. Капиталы аз банктер өздерінің акционерлері немесе басқа да нарыққа қатысушылар арқылы өз капиталын ұлғайту керек деп есептеймін. (…) Бұл қалыпты тәжірибе және макроэкономикалық орта өзгергендіктен бұл процесс 2017 жылдан бастап жедел жұмыс істейді деп ойлаймын», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ, ол банк акционерлерінің тарапынан қомақты капитал салымы қажет екенін атап өтті.

«Ұлттық банк қандай «стресс-тест» өткізетініне қарамастан, акционерлер банк мекемесінде капитал бойынша қордың және капиталын көтеру үшін қосымша күш керек екенін түсінуі қажет. Мысалы 2016 жылы бірнеше банк акционерлер капиталының есебінен өздерінің капиталын арттырды», — деді Данияр Ақышев.

Айта кетейік, Қазақстанда 34 банк бар.