Данияр Ақышевке онлайн сұрақ қоюға болады

Данияр
Фото: inform.kz

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – 22 ақпан күні (басталуы 10:00) Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) төрағасы Данияр Ақышев онлайн-режимде конференция өткізеді.

Үш сағат бойы онлайн-режимде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласында өз құқықтарын қорғауға қатысты және көптеген өзге де мәселелер бойынша сұрақтарға жауап ала алады.

Сұрақтарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасындағы «ҚҰБ төрағасы  Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес — «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондай-ақ  Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және  www.facebook.com/nationalbankkz/) және Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/)  әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады. «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market арқылы iOS және Android платформаларында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!