Болат Жәмішев девальвация туралы пікір білдірді

Суретте ҚДБ басшысы Болат Жәмішев.

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев валюта бағамына қатысты пікір айтты, деп xабарлайды Baq.kz.

«Біз валюта бағамын болжаумен айналыспаймыз. Десек те валюта нарығындағы өзгерістерді үнемі бақылап отырамыз. Теңге бағамы қазір күшейіп келеді, сол себепті валюта бағамы күрт өзгеріп кетеді деп ойламаймыз. Девальвацияның белгілі бір кезеңі болуы мүмкін, дегенмен оң динамиканы құлдырататын «мина» бар деп санамаймын», – дейді банк басшысы.

Оның айтуынша, қазір ҚДБ валюталық қауіп-қатерлерге қарсы тұра алмайтын жобаларды қаржыландырмайды. Тек экспортқа бағытталған, сондай-ақ валюталық қатерлерді еңсере алатын кәсіпорындарға ғана шетелдік валютада салыстырмалы түрде арзан займ береді.