Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті мәжілісмен Зәуреш Аманжолованың дәрі бағасының қымбаттығына қатысты сынына жауап берді.
«Қазіргі уақытта министрлік дәрілердің бағасын реттеу үшін фармацевтика қоғамдастығының өкілдерімен бірге жұмыс жүргізіп жатыр. Онда барлық дәрілік заттардың шекті бағасын қалыптастыру әдістемесі талқыланды. Министрлік барлық дәрілік бағасын реттеуге байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» ҚР Кодексі мен Кәсіпкерлік кодексіне сәйкесінше өзгерістер енгізу мәселесін қарастырылады. Нормативтік-құқықтық база әзірленіп, қабылданғаннан кейін барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу жүзеге асырылады», - деді министрлік.
Сонымен бірге, ведомство міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында электронды рецент енгізуді жоспарлап отыр. Дәрілік заттардың сипаттасы мен бағасы көрсетілген бірыңғай анықтама енгізу бойынша ақпараттық ресурс әзірленеді.
Одан бөлек, 2016-2019 жылдарға арналған жоспарға дәрі-дәрмекті сатуда қатысушы тараптардың жоғары жауапкершілігі жөніндегі әдеп нормасын енгізу көзделіп отыр. Бұл медициналық қызметкерлермен қатар өндірушілердің де іс-әрекетін регламенттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта 12 мыңнан астам фармацевтикалық нысан мемлекеттік бақылауға алынған. Аталған нысандардың 94 пайызы жекеменшік. Оның 76 пайызы шағын кәсіпкерлік субъектісі саналады. Ал оның басым бөлігін дәріханалар құрап отыр. Елімізде бүгінде 8 мыңнан астам дәріхана бар.
Еcке салсақ, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Зәуреш Аманжолова ҚР Денсалық сақтау министрлігіне сауал қойған болатын. Оның айтуынша, дәріханаларда рецептілік дәрі-дәрмектер еш бақылаусыз беріледі. «Көбінесе адамдар дәріханаға келеді де, ауру белгілерін айтып, қандай дәрі ішуге болатынын сұрайды. Ал дәріхана қызметкерінің қымбат дәріні ұсынатындығы сөзсіз. Сонымен бірге, кей жағдайда, пациенттер науқасы жайлы интернеттен оқып алып, сонда көрсетілген дәрілерді сатып алады. Себебі оларға қолжетімді. Яғни, медикаменттер дәрігердің нұсқауымен емес, ақыл-кеңес бойынша өткізіліп жатыр», - деді ол. Осыған байланысты депутат дәрі-дәрмектерді сатудың әдеп және кәсіби нормаларын, дәрі-дәрмектің өндірушіден пациентке дейін жетуін қадағалау жүйесін енгізу қажеттігін атап өткен болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024