Deutsche Bank AG Қазақстанның ауылдық жерлеріне шағын несие бермек

Deutsche Bank AG Қазақстандағы ауылдық жерлерге арналған шағын несие беруге 5 млн доллар бөлмек. Бұл жөнінде Deutsche Bank AG басқарушы директоры Питер Тильс мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Deutsche Bank біздің жергілікті серіктесімізге бірнеше реттік қолдануға болатын қосымша 5 млн долларды үш жылға беру жолын қарастырып жатыр. Бұл шамамен, 15 мың жаңа шағын несие болуы мүмкін деген сөз», — деді Тильс Астанадағы шетелдік инвесторлардың кеңейтілген жиналысы барысында.

«Бұл несиелік құралдар бірінші кезекте әйел адамдарға арналған. Және ауылдық жерлерге 6-12 ай аралығындағы мерзімге берілетін болады», — дейді ол.