Экономика
Авто
Медиа
Deutsche Bank AG Қазақстанның ауылдық жерлеріне шағын несие бермек
Deutsche Bank AG Қазақстандағы ауылдық жерлерге арналған шағын несие беруге 5 млн доллар бөлмек. Бұл жөнінде Deutsche Bank AG басқарушы директоры Питер Тильс мәлімдеді.
"Қазіргі таңда Deutsche Bank біздің жергілікті серіктесімізге бірнеше реттік қолдануға болатын қосымша 5 млн долларды үш жылға беру жолын қарастырып жатыр. Бұл шамамен, 15 мың жаңа шағын
несие болуы мүмкін деген сөз", - деді Тильс Астанадағы шетелдік инвесторлардың кеңейтілген жиналысы барысында.
"Бұл несиелік құралдар бірінші кезекте әйел адамдарға арналған. Және ауылдық жерлерге 6-12 ай аралығындағы мерзімге берілетін болады", - дейді ол.