Димаш Құдайбергенов жапониялық танымал брендтің сауда үйін ашты

Димаш Құдайбергенов

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Димаш Құдайбергеновтің Қытайда танымалдылығы артқаны соншалық ірі брендтер ұйымдастырған шараларға жиі шақыра бастаған сияқты. Кеше Қытайдың Сиань қаласындағы жапондық ISSEY MIAYKE танымал брендінің сауда үйін ашу салтанатына қатысып, құрметті қонағы болды.

Бұл туралы Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов өзінің инстаграм желісінде жария етті.


«Димаш қытайдың ең алғашқы астанасы Сиань қаласында танымал жапондық бренд Issey Miyake-нің ресми сауда орталығының салтанатты ашылу рәсімінің құрметті қонағы болды! Бұл да бір ұмытылмас күн!», — деп жазды ол.

Бұл шарада Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің «Ұмытылмас күн» атты əнін орындады.