Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Алматы облысында Disneyland үлгісіндегі ойын-сауық саябағын салуға 115 млн доллар жұмсалады. Мұндай алдын-ала бағалау облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан айтты, деп хабарлады LS.
Ақпарат агенттігі жіберген сауалхатқа жауапта ойын-сауық отбасылық кешені алты бөліктен тұратыны айтылған. Бұл заманауи ойын-сауық саябағы, ашық және жабық бөліктері бар халықаралық деңгейдегі су паркі, кәсіптік парк, ғылыми және этнопарк, жабық ойын-сауық паркі бар жабық кешен, табиғат паркі, SPA & Resort қонақ үйі, 18 голлы бар гольф алаңы (халықаралық турнирлердің стандарты).
Парк жыл бойы жұмыс істейді.
«Тұжырымдама әзірленді. Жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны 2019 жылға қарай орындау жоспарланған», - деп атап өтті басқарма.
Басқарманың хабарлауынша, жоба бойынша әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, саябақ Диснейленд әлемдік брендімен байланысты емес екенін айтты. Жобаны әзірлеуші - Happylon, сондықтан саябақ Happy Land деп аталады.
Айта кетейік, бұдан бұрын «Қазақстандық туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев Алматы облысында «Дисней» саябағы деп аталатын үлкен ойын-сауық кешені салынатыны туралы айтқан еді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024