Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық Disneyland-тың құны белгілі болды

Қазақстандық Disneyland-тың құны белгілі болды

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Алматы облысында Disneyland үлгісіндегі ойын-сауық саябағын салуға 115 млн доллар жұмсалады. Мұндай алдын-ала бағалау облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан айтты, деп хабарлады LS.

Ақпарат агенттігі жіберген сауалхатқа жауапта ойын-сауық отбасылық кешені алты бөліктен тұратыны айтылған. Бұл заманауи ойын-сауық саябағы, ашық және жабық бөліктері бар халықаралық деңгейдегі су паркі, кәсіптік парк, ғылыми және этнопарк, жабық ойын-сауық паркі бар жабық кешен, табиғат паркі, SPA & Resort қонақ үйі, 18 голлы бар гольф алаңы (халықаралық турнирлердің стандарты).

Парк жыл бойы жұмыс істейді.

«Тұжырымдама әзірленді. Жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны 2019 жылға қарай орындау жоспарланған», - деп атап өтті басқарма.

Басқарманың хабарлауынша, жоба бойынша әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, саябақ Диснейленд әлемдік брендімен байланысты емес екенін айтты. Жобаны әзірлеуші ​​- Happylon, сондықтан саябақ Happy Land  деп аталады.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Қазақстандық туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев Алматы облысында «Дисней» саябағы деп аталатын үлкен ойын-сауық кешені салынатыны туралы айтқан еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы