Доллар 325 теңгеден асты

теңге
Фото: vlast.kz

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 10 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 325,88 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 324,95 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 327,72 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 327,72 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 476 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 580.

Ақша айырбастау орындарында 10 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 331 теңгені құраған.