Доллар 379,55 теңгеден сатылып жатыр

доллардың
Фото: bnews.kz

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,55 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,25 теңге/$1) ұлттық валюта 0,3 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,2 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,75 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,55 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 43 млн 213 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 137.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 382 теңге, Алматыда – 382 теңге.