Доллар 384 теңгеге дейін өсті

388
Фото: ktk.kz

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,69 теңгені құрады. 12 шілдедегі таңғы сессиямен салыстырғанда ұлттық валюта бағамы 0,65 теңгеге арзандады.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 384,5 теңге, Алматыда – 386 теңге.

Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы 1 доллар үшін 383,29 теңгені құрайды.