Доллар 387 теңгеден сатылып жатыр

бағамы
Фото: kapital.kz

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 386,66 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,83 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,17 теңгеге нығайды.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 389 теңге, Алматыда – 389 теңге болды.

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 386,82 теңгені құрайды.