Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 386,66 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,83 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,17 теңгеге нығайды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 389 теңге, Алматыда – 389 теңге болды.
Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 386,82 теңгені құрайды.